20 сәуір 2015 | 12:09

Құлсарыда белгісіз біреулер 18 жастағы жігітті атып кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

@Tsn.ua @Tsn.ua

Атырау облысының Құлсары қаласында 18 жастағы жігіт оққа ұшып, қайтыс болды, - деп хабарлайды "Ақжайық" газеті. Басылымның мәліметінше, оқиға 16 сәуірде болған. Дегенмен, бұл туралы енді ғана белгілі болып отыр.


Иконка комментария блок соц сети

Атырау облысының Құлсары қаласында 18 жастағы жігіт оққа ұшып, қайтыс болды, - деп хабарлайды "Ақжайық" газеті. Басылымның мәліметінше, оқиға 16 сәуірде болған. Дегенмен, бұл туралы енді ғана белгілі болып отыр.

Оқиға кешкі сағат 23.00 шамасында 5-ші ықшамауданында болды. "Үйдің кіре берісінде тұрған бірнеше балаға белгісіз біреулер автокөлікпен келіп оқ жаудырған. Оқ жігіттердің біреуіне тиді. Салдарынан жараланған жігіт аудандық ауруханаға жеткізілді. Дегенмен, ертеңіне ол алған жарақатынан қайтыс болды", - деді Жылой ауданы прокурының орынбасары Жәнібек Қаражанов.

Оның айтуынша, ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы ("Кісі өлтіру") бойынша қылмыстық іс қозғалып, Құлсары қаласының 1992 және 1993 жылғы күдікті үш азаматы тұтқындалды. Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр.

Еске сала кетейік, осыған дейін Жаңаөзенде екі жігіт дүкенге келушілерді атып тастағаны хабарланған болатын. Маңғыстау облысы ІІД баспасөз қызметінің өкілдері бұл оқиғаның "Дархан" дүкенінде 3 сәуірде сағат шамамен 22.00-де болғанын айтты. Жаңаөзеннің криминалдық полициясының қызметкерлері екі күдіктіні ізін суыптай ұстады. Шабуыл жасағандардың үшеу болғаны және олардың 20-25 жастағы тұрғындар екені анықталды. Жапа шеккен екі адам да Жаңаөзен қаласының тұрғыны. Оның бірі 22 жаста, екіншісі 20 жаста. Қазіргі уақытта осы дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатыр.

 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.68   522.66   4.79 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети