Құлсарыда ер адам бұрынғы әйелін жұмыс орнында өлтіріп кеткен

ПОДЕЛИТЬСЯ

Құлсарыда ер адам бұрынғы әйелін жұмыс орнында өлтіріп кеткен Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Атырау облысы Құлсары қаласында емхана қызметкері қанды қылмыстың құрбаны болды. 33 жастағы күдікті бұрынғы әйелін жұмыс орнына іздеп барып, сол жерде бауыздап тастаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "КТК" телеарнасына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Атырау облысы Құлсары қаласында емхана қызметкері қанды қылмыстың құрбаны болды. 33 жастағы күдікті бұрынғы әйелін жұмыс орнына іздеп барып, сол жерде бауыздап тастаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "КТК" телеарнасына сілтеме жасап.

Жантүршігерлік оқиға аудандық емхана ғимаратында болған. Телеарна мәліметінше, күдікті марқұмның жұмыс кабинетіне баса-көктеп кіріп, бейжай отырған жерінде кеңірдегін орып жіберген. Қолын қанға малған қаскөй сол бойы ізін суытқан. Ал қанжоса болған әйелді емхана қызметкерлері ажалдан арашалап қала алмаған. Ол осы медициналық мекемеде заңгер болып жұмыс істеген.

Отыз жастағы марқұмның артында кәмелетке толмаған баласы жетім қалды. Полиция қылмыстық іс қозғап, күдіктіні көп ұзамай қамауға алды.

"Жылыой ауданы Құлсары қаласында болған қылмыс бойынша адам өлтіру бабымен қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталды. 33 жастағы күдікті ізін суытпай ұсталып, қамауға алынды", - деді Атырау облысы ПД Тергеу басқармасының бөлім бастығы Айбек Шапихов.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети