Реклама +7(700) 388 81 09
  1. Басты
  2. Біл
  3. Оқиға
  4. Қылмыс

Курчатов қалалық салық басқармасының бастығы парамен ұсталды 29 сәуір 2014, 16:28

Жалпы айналдырған екі аптада Курчатов қаласында жемқорлықпен ұсталу оқиғалары осымен үшінші рет тіркеліп отыр.
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Қате таптыңыз ба?

Фото vesti.kz сайтынан алынды Фото vesti.kz сайтынан алынды

Шығыс Қазақстан облыстық экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің қызметкерлері Курчатов қалалық салық басқармасының бастығын пара алды деген күдікпен қамауға алды, деп хабарлайды YK-news.kz.

Департаментке Е.есімді азаматша арызданып, салық басқармасының басшысы әкімшілік жауапкершілікке "тартпау", одан ары оның қызметін "тексермеу" және оған қолдау көрсетуі үшін 100 мың теңге пара сұрағанын айтып шағымданған. ШҚО қаржы полициясының баспасөз хатшысы Лейла Ысқақованың айтуынша, бұл фактіге байланысты "Пара алу" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Курчатов қалалық ресми порталда хабарланғандай, салық басқармасының бастығы Мәлік Бытымбаев бұл лауазымды қызметті 2008 жылдан бері атқарып келген. Салық органдарында ол 1997 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Жалпы айналдырған екі аптада Курчатов қаласында жемқорлықпен ұсталу оқиғалары үшінші рет тіркеліп отыр. Мұның алдында ауылшаруашылығы, ветеринария және жер қатынастары бөлімінің бастығы бір азаматқа "Моно қалаларды дамыту" бағдарламасы бойынша несие алуға көмек көрсеткені үшін 200 мың теңге алған жерінде ұсталып, қамауға алынған болатын. Сонымен бірге осыған ұқсас оқиға бойынша екі полиция қызметкері де тұтқынға алынған.

  • ПОДЕЛИТЬСЯ

Join Telegram