Құсмұрын колониясы бастығының бұрынғы орынбасары сотталды. Ұзақ процестен кейін оған қатысты азаптады деген айыппен үкім шығарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Тоболинфоға" сілтеме жасап.
Құсмұрын колониясы бастығының бұрынғы орынбасары сотталды. Ұзақ процестен кейін оған қатысты азаптады деген айыппен үкім шығарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Тоболинфоға" сілтеме жасап.
Басылым мәліметінше, УК-161/4 мекемесі бастығының орынбасары Азат Шоқанов былтыр мамыр айында сотталғандарды азаптады деген күдікке ілінген.
Қазір бұл колония таратылған. Сот процесі бір айдан астам уақытқа созылды, өйткені сотталғандар арасындағы оқиғаның барлық куәгері облыста болмаған. Жәбірленуші Элимхан Мамедов жазасын Ақтөбеде өтеп жатыр. Шоқановтың бұрынғы әріптестері жұмыстан шыққан немесе басқа қызметке ауысқан.
Басылым мәліметінше, бұл "Азаптау" бабы бойынша сотқа жеткен қылмыстық істің біреуі ғана екен.
Мемлекеттік айыптаушы Шоқановты екі жарым жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Сот оны екі жарым жылға бас бостандығынан шектеді. Осылайша, Шоқанов бостандықта қалды.
Шоқановтың адвокаты Сергей Пономоревтің айтуынша, олар үкіммен келіспейді және облыстық соттың апелляциялық инстанциясына шағымданады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!