Оралда 60 жастағы әйел атылған оқтан қаза тапты, - деп хабарлайды "Мой город".
Оралда 60 жастағы әйел атылған оқтан қаза тапты, - деп хабарлайды "Мой город".
Оқиға шамамен 22:00-де Құрылысшы ықшамауданындағы көпқабатты үйлердің бірінде болған. БҚО Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, 60 жастағы әйел жедел жәрдем келгенге дейін қайтыс болған. Әйелге оқ тиген.
"66 жастағы ер адамға да оқ тиген, ол қалалық көпсалалық ауруханаға жеткізілді", - деді ведомстводағылар. Осы жағдайға байланысты полициядан не прокуратурадан жауап алу мүмкін болмаған.
Жергілікті тұрғындардың бірінің айтуынша, атысты ер адам ұйымдастырған.
"Күйеу баласы енесін атып тастады, ол қайтыс болды. Сосын қайын атасын атты. Ол тірі, жедел жәрдем алып кетті. Мен олардың "Көмектесіңіздер, көмектесіңіздер" деген айқайлаған дауыстарын естідім. Осы кезде дүкенге бара жатқан едім. Сыртта әжелер тұрған. Оларға жастарды шақыруын, әйелге көмектесу керектігін айттым. Оқ атылған сәтті де естідік", - дейді үйдің тұрғыны Мария Амелякина.