Күйеуін өлтірген алматылық әйелдің үкімі қорғаушысын таңғалдырды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Көрнекі сурет © Тұрар Қазанғапов Көрнекі сурет © Тұрар Қазанғапов

Алматыда өзін қорғау мақсатында күйеуін пышақтаған әйелге қатысты сот аяқталды. Ер адам көп қан жоғалтып, нәтижесінде жедел-жәрдем келгенге дейін қайтыс болған. Күдікті ұзақ уақытқа түрмеге қамалады деп күтілген, бірақ сот шешімі айыпталушының қорғаушысын да таңғалдырған, - деп хабарлайды "Астана" телеарнасы. 

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Алматыда өзін қорғау мақсатында күйеуін пышақтаған әйелге қатысты сот аяқталды. Ер адам көп қан жоғалтып, нәтижесінде жедел-жәрдем келгенге дейін қайтыс болған. Күдікті ұзақ уақытқа түрмеге қамалады деп күтілген, бірақ сот шешімі айыпталушының қорғаушысын да таңғалдырған, - деп хабарлайды "Астана" телеарнасы. 

Оқиға былтыр жазда болған. 14 жыл бойы бірге тұрған әйел адам мен оның жары екі бала тәрбиелеп отырған. Алайда олардың отбасылық өмірінде ұрсыс пен қол көтеру жиі болып, күйеуі үнемі  мас болып келетін көрінеді. Кезекті жанжал кезінде әйел адам қорғану үшін қолына пышақ ала жүгірген. 

"Мент ек қолыма түскен затпен ұрған кезде мені жіберсе деп едім. Оқиға пышақтар тұрған ас бөлмесінде болды. Мен оны ұрғым келмеді, ол қолын сермеген кезде жараланып қалған көрінеді. Жедел-жәрдем ұзақ келгендіктен оған алғашқы медициналық көмек те көрсеттім", - дейді Алматы тұрғыны. 

Бұл уақыт аралығында күдікті күйеуін құтқарып қалмақ болған, бірақ ол көп қан жоғалтқандықтан жедел-жәрдем келгенше қайтыс болды. Алматылық әйел 8 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы керек болған. Алайда соттың үкімі мүлде басқа болып шыққан: шартты түрде бір жыл. 

"Бұл сирек жағдай. Қорғаушы ретінде соттың әділ шешім шығарғаны үшін алғыс айтқым келеді. Бүгін әйелдерге көрсетілетін тұрмыстық зорлық өзекті мәселе. Соттың бұл шешімі енді азаматтық және қылмыстық істерде әділ шешім шығады деген сенім береді", - дейді адвокат Әсел Сұлтанмұратова.

Қоғам белсенділерінің мәліметінше, жыл сайын 70 мыңға жуық шағым зорлық көрсететін ер адамдарға түседі. Олар тек санаулысы жазаланатын көрінеді. Бұрын тұрмыстық зорлық әрекеті үшін ер адамдар тек айыппұлмен құтылса, енді оларды бірнеше тәулікке қамайды. Алайда тұрмыстық зорлық әрекетін жасаған ер адамның барлығын қамау мүмкін емес. Себебі оларды қамайтын орын да жоқ. Сондықтан қоғам белсенділері заңды қатаңдату оң нәтижеге әкелмейді деп санайды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro