Нұрлыбек Күзенбаев
Өткен жылдың тамыз айында Ақмола облысы сот актілерін орындау Департаментінің басшысы тың ірі көлемде парақорлықпен қаржы полициясының құрығына ілінгені туралы БАҚ өкілдері жарыса жазған болатын, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бүгін осы оқиғаның соңғы нүктесі Көкшетау қалалық сотында қойылды. Жалпы екі айға созылған процес Департамент басшысының сотталуымен аяқталды. Сот үкімімен ірі көлемде сыбайлас жемқорлықпен айналысқан Нұрлыбек Күзенбаевтың бірінші ретте 60 мың теңге көлемінде, екінші мәрте 900 АҚШ долларымен пара бергені анықталды. Сот процесі барысында ұйымдасқан қылмыстық топтың кінәлері толық дәлелденді. Осылайша Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 311 бабының 4 тармағымен 7 жыл алты айға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ, департамент басшысының есірткі өнімдерін тұтынып келгені де белгілі болды. Мұнымен қоса Нұрлыбек Күзенбаев басқаруындағы ұйымдасқан қылмыстық топқа мүше болды деген күдікпен қамауға алынған Жеңіс Күзенбаев 4 жылға сотталса, ал сот орындаушысы Серік Көбегеновке 1500 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынды.
Өткен жылдың тамыз айында Ақмола облысы сот актілерін орындау Департаментінің басшысы тың ірі көлемде парақорлықпен қаржы полициясының құрығына ілінгені туралы БАҚ өкілдері жарыса жазған болатын, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі
Бүгін осы оқиғаның соңғы нүктесі Көкшетау қалалық сотында қойылды. Жалпы екі айға созылған процес Департамент басшысының сотталуымен аяқталды.
Сот үкімімен ірі көлемде сыбайлас жемқорлықпен айналысқан Нұрлыбек Күзенбаевтың бірінші ретте 60 мың теңге көлемінде, екінші мәрте 900 АҚШ долларымен пара бергені анықталды. Сот процесі барысында ұйымдасқан қылмыстық топтың кінәлері толық дәлелденді. Осылайша Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 311 бабының 4 тармағымен 7 жыл алты айға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ, департамент басшысының есірткі өнімдерін тұтынып келгені де белгілі болды. Мұнымен қоса Нұрлыбек Күзенбаев басқаруындағы ұйымдасқан қылмыстық топқа мүше болды деген күдікпен қамауға алынған Жеңіс Күзенбаев 4 жылға сотталса, ал сот орындаушысы Серік Көбегеновке 1500 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынды.