Алматыдағы "Чукотка" барының маңында адам өлтірді деп, 1,5 жылға сотталған Александр Кузнецовтың ісі бойынша апелляциялық отырыс 10 тамызға белгіленді. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне оның адвокаты Джохар Өтебеков хабарлады.
Алматыдағы "Чукотка" барының маңында адам өлтірді деп, 1,5 жылға сотталған Александр Кузнецовтың ісі бойынша апелляциялық отырыс 10 тамызға белгіленді. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне оның адвокаты Джохар Өтебеков хабарлады.
Алматы қалалық қылмыстық істер жөніндегі соттың апелляциялық алқа отырысы таңғы сағат 10-да басталады. Судья - Халимат Керімова. Айта кетейік, сотталушының процесске қатыстырылуы жөніндегі мәселе де шешімін тапты. Александр Кузнецов сот тыңдауына келеді деп күтіліп отыр.
Өтебеков қорғаушы тараптың Кузнецовты ақтауды сұрап отырғанын еске салды. Ал зардап шеккен тарап болса "Байқаусызда кісі өлтіру" бабын "Адам денсаулығына қасақана ауыр зиян келтіру" бабына ауыстыруды сұрап, бірінші инстанцияның үкімінің күшін жою арқылы істің прокурорға жіберілуін сұрап отыр.
Еске сала кетейік, Алматыдағы "Чукотка" барындағы төбелес 2015 жылы 6 наурызда болған еді, төбелес кезінде Сырым Мұратқалиев қайтыс болды. Басты айыпалушы Александр Кузнецов бір жарым жылғасотталды.
Кейін қаза болған Сырым Мұратқалиевтің ағасы Дәулет Кузнецовты "Адам өліміне әкеп соқтыратын ауыр дене жарақатын салу" бабы бойынша жазаға тартуға қол жеткізетіндерін айтты.
Жәбірленуші тарап Александр Кузнецовтан 18 миллион теңге және үш пәтер талап ететіндерін мәлімдеді. Олар шығынды азаматтық тәртіппен алатындарын жеткізді. 29 маусымда болған соңғы сот отырысында Кузнецов соңғы сөзін айтты. "Тараптарды қатар тыңдау кезінде бәрі өз ретіне келді, істе ешқандай да дақ қалмады. (...) Тергеу тарапынан және прокуратура тарапынан да іс материалдарына қол қойылды, бұл олардың осыған келіскенін білдіреді. Іс материалдарында пышақпен шабуыл жасалғаны көрсетілген. Пышақ күдік туғызбайды. Менің әрекетім өзімді қорғау ретінде бағаланды", - деп мәлімдеді Кузнецов.