"Чукотка" барының маңында болған төбелесте кісі өлтіріп, бір жарым жылға сотталған Александр Кузнецовтың ісі бойынша қоғамдық резонанс сотқа қысым көрсете алмайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қалалық сотының апелляциялық алқа төрағасы Бақытжан Қарамановтың мәлімдемесіне сілтеме жасап.
"Чукотка" барының маңында болған төбелесте кісі өлтіріп, бір жарым жылға сотталған Александр Кузнецовтың ісі бойынша қоғамдық резонанс сотқа қысым көрсете алмайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қалалық сотының апелляциялық алқа төрағасы Бақытжан Қарамановтың мәлімдемесіне сілтеме жасап.
Баспасөз мәслихаты барысында Қарамановтан Кузнецов ісінің әлеуметтік желілерде қызу талқыланып жатуына және оған Жоғары соттың өкілі Болат Кальянбековтің қатысуына байланысты дерекке түсінік беру сұралды, ол Facebook желісіндегі парақшасына зардап шегуші тараптың қатысуымен түсірілген видеожазбаны жариялады. Онда адвокат Лариса Романова атышулы іске қатысты бірқатар пікір айтты.
Қарамановтың айтуынша, Жоғары соттың позициясы екі тарапты да қолдауға бағытталған жоқ. Оның ойынша, Интернет қолданушыларының наразылығы қорытындыға ықпал ете алмайды. Қарамановтың мәліметінше, Кузнецов ісін талқылауға әлеуметтік желілер мен сайттарда 7 мыңға жуық адам қатысқан.
"Бірақ сіздер білесіздер, жеті мың - көрсеткіш емес. Челахтың ісі естеріңізде болса - ол кезде бес миллион адам қатысты, бүкіл халық екіге бөлінді деуге болады - ол кінәлі ме, жоқ па. Ал бұл жерде бар болғаны жеті мың. (...) Тәуелсіз сот үшін олардың жазбалары қысым көрсете алмайды. Әлеуметтік желіде болып жатқандардың сот үшін еш маңызы жоқ. Сот қылмыстық істің материалдарына және апелляциялық шағымға қарайды. Ол қандай да бір мақаладағы пікірлердің мән-жайына үңілмеуі тиіс. Прокурор бұлардың сотқа қысым көрсететіні туралы мәлімдеме жасаған сияқты. Бірақ бұл прокурордың құқығы", - деді Қараманов.
Айта кетейік, Кузнецов ісі бойынша апелляциялық коллегия отырысы 10 тамызға белгіленген болатын. Қорғаушы тарап Кузнецовты ақтауды сұрап отыр. Ал зардап шеккен тарап болса "Байқаусызда кісі өлтіру" бабын "Адам денсаулығына қасақана ауыр зиян келтіру" бабына ауыстыруды сұрап, бірінші инстанцияның үкімінің күшін жою арқылы істің прокурорға жіберілуін сұрады.