Алматыда рэкеттер атыс шығарды. Оқиғаның мән-жайы тергеліп жатыр. Банда жергілікті кәсіпкерге алым-салық салуға әрекеттенген. Бүгінде бір күдікті ұсталды, - деп хабарлайды КТК телеарнасы.
Алматыда рэкеттер атыс шығарды. Оқиғаның мән-жайы тергеліп жатыр. Банда жергілікті кәсіпкерге алым-салық салуға әрекеттенген. Бүгінде бір күдікті ұсталды, - деп хабарлайды КТК телеарнасы.
Дүкенді жалға алған ер адам жанжалдың ортасында қалған. Ол бір топ адам келіп, ақша талап еткенін айтты.
"Олар келіп, жаңа қожайын кім екенін сұрады. Дүкеннің қазіргі жаңа иесі екенімді айттым. Олар: "Бұрынғы иесі бізге алым төледі. Сен төлейсің бе?" - деп сұрады. Мен: "Жоқ, бермеймін" дедім. Сосын олар: "Бұл сондай аудан. Біз мұндағы қылмыс әлемінің авторитетіміз", - деп Андрей Рожков кездесудің жай-жапсарын айтып берді.
Оның айтуынша, рэкеттер оны қорқытып-үркітпеген. Рожков олар қандай адам екенін білу үшін досына телефон соққан. Ал ол сөйлесіп беруге уәде берген.
Андрей Рожковтың досы танысымен келген. Олар не туралы сөйлескенін дүкеннің жалға алушысы білмейді. Бірақ нәтиже шықпаған сияқты.
Кейін бопсалаушылар травматикалық тапаншадан оқ атқан. Рожковты қорғауға келгендердің бірінің жақ сүйегіне оқ тиген. Ер адамға ота жасалды. Ол қазір есін жиған, бірақ сөйлей алмайды. Екіншісінің маңдай сүйегіне оқ тиіп, тесілген. Ол ауыр халде ауруханаға жеткізілді.
"Маңдай сүйегінің сынуы, мидың қатты қабығы зақымданған, шұғыл операцияға жіберілді. Операциядан кейінгі жағдайы тұрақталды. Науқас жансақтау бөлімінде, оянды. Жағдайы тұрақталғаннан кейін науқас нейрохирургия бөліміне ауыстырылды. Жағдайы тұрақты, өміріне қауіп төніп тұрған жоқ", - деді Алматы қалалық орталық клиникалық ауруханасының нейрохирургия бөлімі меңгерушісі Марат Алматов.
Шабуыл жасаушылардың бірі ұсталған. Қазір ол изоляторда отыр. Ол жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!