Қылмыс әлемінің серкесі “Серік Голова“ көз жұмды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қылмыс әлемінің серкесі “Серік Голова“ көз жұмды видео кадры

"Серік Голова" лақапатымен танымал сотталған Серік Жаманаев онкологиядан емделіп жатқан ауруханада қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Серік Голова" лақапатымен танымал сотталған Серік Жаманаев онкологиядан емделіп жатқан ауруханада қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ресми деректерге сүйенсек, Жаманаев 2024 жылы желтоқсанда түзеу мекемесіне ауыстырылған.

"Келгеннен кейін ол бірден толық медициналық тексерістен өтті. Диагноз - бауыр онкологиясы, үшінші сатысы. Сол сәттен бастап ол дәрігерлердің үнемі бақылауында болды. Сотталған адам тексерістен өту және емделу үшін бірнеше рет медициналық мекемелерге жеткізілді. 8 сәуірде ол көпсалалы онкологиялық ауруханаға жатқызылды. Қабылданған шараларға қарамастан 25 сәуірде көз жұмды", - деп жазылған Солтүстік Қазақстан облысының ҚАЖД хабарламасында.

Қазір тексеріс жүргізіліп жатыр.

Серік Жаманаев туралы не белгілі?

Ол қылмыстық ортада "Серік Голова" деген атпен танымал. Жаманаев 2021 жылдың басында 19 жылға бас бостандығынан айырылды. Прокурордың айтуынша, оның қылмыстық тобының әрекеттері абайсызда адам өліміне әкеп соққан.

Сот үкімі бойынша ол 14 жылын төтенше қауіпсіз қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде, тағы бес жылын қатаң режимдегі түзеу мекемесінде өтеуі керек еді. Бұған дейін Жаманаев жеті рет сотталған.

Айта кетейік, биыл ақпанда әлеуметтік желілерде Жаманаев қатерлі ісікке шалдыққаны және оның денсаулығы айтарлықтай нашарлағаны туралы ақпарат пайда болды.

Сол кезде Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ҚАЖД сотталушының жағдайы медицина қызметкерлерінің бақылауында екенін және ол қажет емді алатынын мәлімдеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети