Қылмыскерлер "Көктөбе" теледидар мен радиохабар мұнарасын басып алуға тырысты - ҰҚК

Қылмыскерлер "Көктөбе" теледидар мен радиохабар мұнарасын басып алуға тырысты - ҰҚК Фото: ҰҚК

Жаппай тәртіпсіздіктер кезінде қылмыскерлер "Көктөбе" теледидар мен радиохабар мұнарасын басып алуға тырысты. Бұл туралы ҰҚК баспасөз қызметі айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жаппай тәртіпсіздіктер кезінде қылмыскерлер "Көктөбе" теледидар мен радиохабар мұнарасын басып алуға тырысты. Бұл туралы ҰҚК баспасөз қызметі айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ведомство мәліметінше, ҰҚК ШҚ Алматы облысы бойынша департаментінің жеке құрамы құқық қорғау органдарымен және әскери құрылымдармен бірлесе отырып, Алматы қаласының Әкімшілігі мен стратегиялық маңызы бар нысандарын қорғауға тікелей қатысты.

Митинг кезінде қылмыскерлер "Көктөбе" теледидар мен радиохабар мұнарасын басып алуға тырысты, осылайша бандиттер ақпараттық басымдыққа ие болып, өз талаптарын қоюды көздеген еді, алайда шекарашылар шабуылға тойтарыс берді.

Фото: ҰҚК

Сонымен қатар, шекарашылар "Медеу" селден қорғау бөгетінің периметрін де бақылауға алды.

Контртеррористік операцияның белсенді кезеңінде Департаменттің әскери қызметшілері ҰҚК ШҚ арнайы бөлімшесімен бірге қылмыскерлерді, сондай-ақ заңсыз жолмен шетел асып жасырынуға тырысқан адамдарды анықтау және ұстау жұмыстарын жүзеге асырды.

Фото: ҰҚК 

Шекара әскерлерінің бөлімшелері қазіргі кезде де нысандарда жауынгерлік кезекшілікті атқарып жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети