Астанада Оңтүстік Қазақстан облысының 28 жастағы тұрғыны қымбат көліктерді ұрлады деген күдікпен ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана қалалық ІІД өкілдеріне сілтеме жасап.
Астанада Оңтүстік Қазақстан облысының 28 жастағы тұрғыны қымбат көліктерді ұрлады деген күдікпен ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана қалалық ІІД өкілдеріне сілтеме жасап.
"Тергеу барысында күдіктінің арнайы сайттарда Lexus маркалы көліктердің сатылатыны жайлы хабарландыруларды тауып, көрсетілген нөмірлер бойынша хабарласу арқылы сатушылармен кездескені анықталған. Көлікті қарау кезінде күдікті дабыл жүйесінің маркасын анықтаған. Осыдан кейін арнайы пультпен осы көліктерді ұрлап кетіп, сатқысы келген", - деп хабарлады полициядағылар.
Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің "Ұрлық" бабы бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатыр. Ұсталған адам Астана қалалық ІІД-нің уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сонымен қатар, оның басқа да осы тектес қылмыстармен байланысының бар-жоғы анықталып жатыр.
Осындай оқиғаға душар болғандар Астана қаласы, Обаған көшесі 18 мекенжайы бойынша немесе 49-70-90, 8-702-468-82-24 телефонд нөмірлері арқылы хабарласуға болады.