Алматы облысында Қырғызстан азаматы 5 жасар ұл бала мен оның 29 жастағы ағасын ломмен ұрып өлтірді. Қайғылы оқиға Маловодное ауылында мамырдың 11-і күні орын алған, деп хабарлайды "31-ші телеарна".
Алматы облысында Қырғызстан азаматы 5 жасар ұл бала мен оның 29 жастағы ағасын ломмен ұрып өлтірді. Қайғылы оқиға Маловодное ауылында мамырдың 11-і күні орын алған, деп хабарлайды "31-ші телеарна".
Қайтыс болғандардың туыстарының айтуынша, таңсәріде бөтен еркек үйдің кішкене бала ұйықтап жатқан бөлмесіне кіріп келіп, ломды балаға кезегенде, кішкене баланың апасы оның қара ниетті ойынан қайтаруға тырысып, араша түскен. "Мен оған жалынғандай болдым. Үйдегі бар алтынды, болмаса өз қалауыңдағы дүниенің барлығын ал дегеніме қарамастан барды да немеремнің жүрек тұсына ломды сұғып алды", - деп еске алады қайтыс болған баланың апасы Абидаш Кикиядзе.
Қандықол қылмыскер онысымен қоймай кішкене баланың араша түспек болған 29 жастағы ағасына да ломды сұғып алған. Қатты жараланған науқас ауруханада есін жимастан көз жұмған.
Қырғызстан азаматының қол-аяғын байлап тастағанға дейін ол жергілікті тұрғындарды бұған дейін де қорқытып, ескерту жасағанға ұқсайды. Кейін анықталғанындай еш жерде жұмыс істемейтін 28 жастағы қырғызстандық қылмыскердің есімі Тұрысбек Баймұратов болып шықты. Әзірге ол адамның қылмысқа не үшін барғандығы анықтала қойған жоқ. Қазір осы оқиғаға байланысты қылмыстық оқиға қозғалып отыр.
Полиция қызметкерлерінің сөзіне қарағанда, оқиғадан кейін Қырғызстан азаматы бірден Алматыдағы психиатриялық ауруханаға жатқызылыпты. Ал қылмыстық оқиға орын алғаннан кейін арада бір апта өтпей жатып, әлгі қылмыскердің өзі де қайтыс болған екен. Алайда қылмыскердің туыстары оқиғаның дәл осылай өрбігеніне сенімсіздік танытып, құқық қорғаушылардан нақты дәлел көрсетулерін талап етіп отыр.