28 наурыз 2022 | 11:05

Қырғызстанда жоғары лауазымды полицей өлтірілді

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Асқарәлі Мұхамадиев. Фото:kaktus.media Асқарәлі Мұхамадиев. Фото:kaktus.media

Қырғызстанда Баткен облысында облыстық ІІБ бастығының орынбасары Асқарәлі Мұхамадиев қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Қырғызстанда Баткен облысында облыстық ІІБ бастығының орынбасары Асқарәлі Мұхамадиев қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Баткен облысы Ішкі істер басқармасының Facebook-тегі мәліметінше, 27 наурызда ауруханадан облыстық полиция басшысының орынбасары пышақ жарақатын алғаны туралы хабарлама келіп түскен. Белгісіз адамдар оны Honda Odyssey маркалы көлігімен әкелген.

Turmush порталының мәліметтері бойынша, Асқарәлі Мұхамадиев бұрын сотталған туысқанымен бірге болған. Олардың арасында жанжал туындаған. Сөйтіп, ер адам подполковникке бірнеше пышақ жарақатын салған. Нәтижесінде, ол көп қан жоғалтып, қайтыс болған.

Баткен облыстық ішкі істер басқармасының баспасөз қызметі өкілі күдікті марқұмның 34 жастағы туысы екенін растады. Кейін Баткен облысының милициясы кісі өліміне қатысты күдіктіні ұстады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети