Қырғызстанға қашып кеткен "ЕSTATE Ломбард" директоры ұсталды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Қазақстан полициясының сұратуы бойынша Қырғыз Республикасында "ЕЅТАТЕ Ломбард" ЖШС директоры Әсет Ысқақов ұсталды, - деп хабарлайды Polisia.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан полициясының сұратуы бойынша Қырғыз Республикасында "ЕЅТАТЕ Ломбард" ЖШС директоры Әсет Ысқақов ұсталды, - деп хабарлайды Polisia.kz тілшісі.

Қаржы пирамидаларын ұйымдастырды деген күдікті биыл ақпан айында шекарадан өтіп, Бішкекте жасырынып жүрген.

"Қазақстандық және Қырғыз полицейлерінің өзара іс-қимылының нәтижесінде іздеуде жүрген Ысқақов көрші елде ұсталып, Бішкек қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қырғыз Республикасының құзыретті органдарына оны Қазақстанға экстрадициялауға материалдар жіберілді", - делінген хабарламада.

Осылайша, елден қашып кеткен барлық үш компанияның басшылары бүгінгі таңда қамауда. Жедел-тергеу шараларының нәтижесінде полиция жалпы алғанда 17 күдіктіні ұстады. Ішкі істер органдары "Гарант 24 Ломбард" ЖШС, "ЕЅТАТЕ Ломбард" ЖШС және "Выгодный займ" ЖШС-нің қаржы пирамидасының басшыларына қатысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын жалғастырып жатыр.

Бұған дейін, 27 ақпанда Қазақстан ІІМ-нің сұрауы бойынша Молдова Республикасының Кишинев қаласында тәртіп сақшылары "Гарант 24 Ломбард" ЖШС құрылтайшысы Аслан Мырзабековті қолға түсірген. 28 ақпанда Қазақстан мен Ресей шекарасында "Выгодный займ" ЖШС құрылтайшысы Жанболат Есіркепов ұсталды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Тоқаев Шымкентке барды
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 522.11  course up  594.5  course up  6.34  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro