16 қыркүйек 2014 | 13:01

Қытайдан есірткінің жаңа түрлері келіп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

JWH - синтетикалық есірткі. ©chepetsk.ru JWH - синтетикалық есірткі. ©chepetsk.ru

Қазақстанға Қытайдан синтетикалық есірткінің жаңа түрлері келіп жатыр, Алматыда өткен дөңгелек үстелде бұл туралы ҚР ІІМ Есірткі бизнесіне қарсы күрес комитеті төрағасының орынбасары Жанат Битенов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанға Қытайдан синтетикалық есірткінің жаңа түрлері келіп жатыр, Алматыда өткен дөңгелек үстелде бұл туралы ҚР ІІМ Есірткі бизнесіне қарсы күрес комитеті төрағасының орынбасары Жанат Битенов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"ҚХР-дан есірткінің жаңа түрлері, атап айтқанда JWH келіп жатыр. Біз онымен күресіп жатырмыз, үлкен бөлігін тәркілейміз. Синтетикалық есірткі түрлері есірткі заттарының жиынтық кестесіне кірмейді, сол себепті біз онымен ұсталған адамдарды қылмыстық жауапкершілікке тарта алмаймыз, осы жағынан проблема бар. Соған байланысты Қазақстанның жаңа Қылмыстық кодексіне 2015 жылдан бастап, синтетикалық есірткі түрлері бойынша жаңа тармақ енгізіледі, біз сонда ғана тосқауыл қоя аламыз. Әрине, басқа да қиындықтар бар, мысалы, spice бар. Оған Интернетпен еркін тапсырыс беруге болады. Бұл жағынан кеден және пошта қызметтерімен бірге жұмыс жүргізіп жатырмыз", - деді Битенов.

Оның айтуынша, бұл мәселе әлем бойынша бар. Синтетикалық есірткі түрлері Ресейге де, Еуропа елдеріне де барып жатады. "Әлемде синтетикалық есірткінің 240-тан астам түрі бар. 2013 жылы біз Алматыда JWH-нің 15 келіден астамын тәркіледік, биыл 6 келіге жуығы тәркіленді. Есірткі көлемі азайып келеді, тұтас алғанда, Қазақстанда есірткіге тәуелділердің қатары азайып келеді, бұл көрсеткіш қазір 40 мың адам деңгейінде", - деді Битенов.

Дөңгелек үстел барысында ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің заңсыз айналымнан 4 тонна 206 келі есірткіні шығарғаны айтылды. Оның ішінде, 95 келісі - героин, 40 келіден астамы - синтетикалық есірткі, 27 келісі - апиын, 2 тонна 570 келісі - марихуана, 1 тонна 81 келісі - гашиш, 17 келісі - жабайы көкнәр, тағы бір тоннадан астамы - прекурсорлар.

Қылмыскерлерден 211 дана атыс қаруы мен 18 мыңнан астам оқ-дәрі тәркіленді. Құқық қорғау органдары тағы 2446 қылмыстың бетін ашқан. Операциялар барысында 12 мыңға жуық қылмыстық іс қозғалды. 1733 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети