Қыз зорлау оқиғасы: Талдықорған полициясының экс-басшысына қандай жаза сұралды?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қыз зорлау оқиғасы: Талдықорған полициясының экс-басшысына қандай жаза сұралды? Фото: zhetysu.gov.kz

Мемлекеттік айыптаушы қыз зорлады деп айып тағылып отырған Талдықорған полициясының экс-басшысына 12 жыл беруді сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Мемлекеттік айыптаушы қыз зорлады деп айып тағылып отырған Талдықорған полициясының экс-басшысына 12 жыл беруді сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Экс-полиция бастығына қатысты іс бойынша сот отырысында прокурор сотталушы Талдықорған полициясының бұрынғы бастығы Марат Күштібаевты 12 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.

Бұл ақпаратты Tengrinews.kz тілшісіне Жетісу облыстық сотының баспасөз хатшысы Нұрсұлтан Орынбасаров растады.

Биылғы ақпанда Талдықорған ПБ-нің бұрынғы бастығы Марат Күштібаевқа қатысты қылмыстық іс сотқа жіберілген болатын. Отырыстар жабық режимде өтті.

Еске салайық, 2023 жылдың қарашасында Талдықорған полициясының бастығы 27 жастағы әйелді зорлады деген күдікпен ұсталған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 493.84  course up  571.93  course up  6.24  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети