©Tengrinews.kz
Көшеде қыздарға былапыт сөз айтқан Астананың 24 жастағы тұрғыны бес тәулікке тұтқындалды деп хабарлайды Tengrinews.kz Астана қалалық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. "24 жастағы тұрғын сағат 06.30-дар шамасында аялдамада мас күйде тұрып, жанынан өтіп бара жатқан екі қызға боқтық сөз айтып, қоғамдық тәртіпті бұзды. Полицейлер оны "Ұсақ бұзақылық" бабы бойынша ұстады. Соттың қаулысымен оған бес тәулікке әкімшілік қамауға алу шарасы қолданылды", - деп хабарлайды полицияның баспасөз қызметі. Жылдың басынан бері астаналық полицейлер 7572 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтаған, оның 300-ге жуығы сотта қаралды. 22 адам әкімшілік қамауға алынып, 275 адамға айыппұл салынды. Азаматтардың былапыт сөз айтқаны үшін тұтқындалып отырғаны бірінші рет емес. Бұған дейін Алматыда кеден қызметі жетекшілерінің бірі қарамағындағы қызметкерлерді боқтағаны үшін жұмысынан қуылған еді. Былапыт сөз естіген әйел адам бастығының үстінен сотқа шағымданған. Кеденші тәртіптік жауапкершілікке тартылып, қызметінен кетті. Ақтауда да осыған ұқсас жағдай болды. Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, автокөлік жолдары және жолаушылар көлігі бөлімінің бастығы әріптестерін балағаттағаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылып, сөгіс алды.
Көшеде қыздарға былапыт сөз айтқан Астананың 24 жастағы тұрғыны бес тәулікке тұтқындалды деп хабарлайды Tengrinews.kz Астана қалалық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"24 жастағы тұрғын сағат 06.30-дар шамасында аялдамада мас күйде тұрып, жанынан өтіп бара жатқан екі қызға боқтық сөз айтып, қоғамдық тәртіпті бұзды. Полицейлер оны "Ұсақ бұзақылық" бабы бойынша ұстады. Соттың қаулысымен оған бес тәулікке әкімшілік қамауға алу шарасы қолданылды", - деп хабарлайды полицияның баспасөз қызметі.
Жылдың басынан бері астаналық полицейлер 7572 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтаған, оның 300-ге жуығы сотта қаралды. 22 адам әкімшілік қамауға алынып, 275 адамға айыппұл салынды.
Азаматтардың былапыт сөз айтқаны үшін тұтқындалып отырғаны бірінші рет емес. Бұған дейін Алматыда кеден қызметі жетекшілерінің бірі қарамағындағы қызметкерлерді боқтағаны үшін жұмысынан қуылған еді. Былапыт сөз естіген әйел адам бастығының үстінен сотқа шағымданған. Кеденші тәртіптік жауапкершілікке тартылып, қызметінен кетті. Ақтауда да осыған ұқсас жағдай болды. Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, автокөлік жолдары және жолаушылар көлігі бөлімінің бастығы әріптестерін балағаттағаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылып, сөгіс алды.