07 шілде 2021 14:45

"Қыздарға тиіскен". Алматы облысында төбелес болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған Видеодан алынған

Алматы облысындағы демалыс аймақтарының бірінде төбелес болды. Куәгерлердің айтуынша, ер адам бассейнде кәмелетке толмаған қыздарға тиісті деп айыпталған соң жанжал басталған. Полиция департаментіндегілер оқиғаның анық-қанығын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматы облысындағы демалыс аймақтарының бірінде төбелес болды. Куәгерлердің айтуынша, ер адам бассейнде кәмелетке толмаған қыздарға тиісті деп айыпталған соң жанжал басталған. Полиция департаментіндегілер оқиғаның анық-қанығын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жанжалдың видеосы әлеуметтік желіде пайда болды. Видеодан тұрғындардың белгісіз ер адамды қоршап алғанын көруге болады. Олардың арасындағы әңгіме төбелеске ұласқан.

"Бассейнде ер адам қыздарға тиіскен. Әрине, су астында. Бұл сексуалды сипаттағы қарым-қатынасқа ұқсас. Мекеме әкімшілігіне шағым жасаған едік, мұндай жағдай болса, қыздарды бассейнге түсірмеңдер деген жауап алдық. Қызым 17-де, қарындасым 18-де.

Бұл қалай деп сұрадым? Мен ақша төлеймін, ал балаларым жағада отыруы қажет пе? Осыдан кейін әкімші күзетшіні шақырып, сол адамды тауып келуін сұрады. Жарты сағаттан кейін мені және қыздарды шақырып, сол адамды тапқандығын айтты. Ол орын үшін ақша төлегісі келмеген және қызым мен қарындасым су астында тиіскен адам сол екенін таныды.

Шатырға барған кезде шағымданған бір топ адамды көрдім. Сол күні ер адам тек менің қыздарыма ғана тиіспеген екен. Ол мас болған және тағы екі қызға тиіскен: бірі – 14 жаста, екіншісі – 16 жаста", - делінген жазбада.

Алматы полиция департаментіндегілер 5 шілдеде шамамен сағат 18:30-да демалыс аумақтарының бірінде демалып жүрген әйел хабарласып, суда шомылып жүрген 16 жастағы қызына тиіскен ер адамға қатысты шара қабылдауын сұрағанын айтты.

"Қазір күдіктінің Ескелді ауданы Қарабұлақ ауылының 34 жастағы тұрғыны екені анықталды. Қылмыстық кодекстің 122-бабы 1-бөлігі "Он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас немесе сексуалдық сипаттағы өзге де әрекеттер жасау" бойынша тергеу жұмыстары басталды.

Тергеу барысында оқиғаның анық-қанығы анықталып, шешім қабылданады", - деді Алматы облысы ПД баспасөз қызметіндегілер.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.1   490.7   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети