ПОДЕЛИТЬСЯ
05 маусым 2020 | 14:21
"Қызық үшін жасаған". Алматы облысында итті тірідей өртеп жібергендер ұсталды
Әлеуметтік желіде қызу талқыға түскен итті тірідей өртеп жатқан видео бойынша жедел-іздестіру шаралары ұйымдастырылып, күдіктілер ұсталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Әлеуметтік желіде қызу талқыға түскен итті тірідей өртеп жатқан видео бойынша жедел-іздестіру шаралары ұйымдастырылып, күдіктілер ұсталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Еске салайық, жаға ұстатар қылмыс Алматы облысы Алакөл ауданының Қабанбай ауылында болған.
"Осы қылмысты жасады деген күдікке ілінген аталған елді-мекеннің кәмілетке толмаған екі жасөспірімі ұсталды. Олар 2004 жылы және 2005 жылы туған балалар. Олар шұғыл ұйымдастырылған тергеу жұмыстарының алғашқы сағаттарында-ақ анықталды. Жасөспірімдер өздерінің жантүршігерлік әрекеттегі кінәларын толығымен мойындап, ауыр қылмысты қызық үшін жасағандарын жеткізді. Бұл - қылмыстық жауапкершілік көзделетін қаскөйлік жағдай", - деді Алматы облысы Алакөл ауданы полиция бөлімінің бастығы Қуат Оспанов.
Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 316-бабының 2-тармағымен көзделген қылмыс бойынша іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также