05 маусым 2020 09:18

Алматы облысында белгісіз біреулер күшікті тірідей өртеп жіберген

ПОДЕЛИТЬСЯ

Көрнекі сурет © pixabay.com Көрнекі сурет © pixabay.com

Желіде Алматы облысында бірнеше жігіт күшікті тірідей өртеп жіберген видео пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Желіде Алматы облысында бірнеше жігіт күшікті тірідей өртеп жіберген видео пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға Алакөл ауданы, Қабанбай ауданында болған. Алматы облысындағы зооқорғаушылар қоры аталған дерек бойынша полицияға арыз жазған. 

Алматы облысы Полиция департаменті аталған дерек ҚР Қылмыстық кодексі 316-бабының, 2-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркелгенін хабарлады. 

Алакөл аудандық бөлімі бойынша осы қылмыс жасаған адамдарды анықтауға және оларды ұстауға бағытталған жедел және тергеу іс-шараларының кешенін жүргізіледі. Полиция өкілдері олар заңға сәйкес жазаға тартылатынын хабарлады. 

Видеоны жүйкесі нашар адамдарға көруге болмайды. Әдепсіз лексика бар.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети