05 қазан 2022 | 11:11

Қызылорда мен Алматыда трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері ұсталды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:elements.envato.com Фото:elements.envato.com

Қылмыстық топ мүшелері жалған ақша жеткізіп, оны Алматы және Қызылордада өткізген. Олар жалған ақшаның кезекті партиясын өткізу кезінде ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қызылорда облысы прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Қылмыстық топ мүшелері жалған ақша жеткізіп, оны Алматы және Қызылордада өткізген. Олар жалған ақшаның кезекті партиясын өткізу кезінде ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қызылорда облысы прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның баспасөз қызметі мәліметінше, топ мүшелері шет мемлекеттердің бірінің аумағында жалған АҚШ доллары мен еуроны жасап, оны одан әрі Қазақстанға әкелу және өткізу бойынша қылмыстық схема ұйымдастырған. Оларға қатысты айыптау үкімі шықты.

"Қылмыстық топ мүшелерімен қатар сот үкімі бойынша Қазақстан Республикасының азаматы да қылмыстық жауапкершілікке тартылды, ол осы топ жасаған аса ауыр қылмысы туралы сенімді ақпаратты хабарламаған", - деді прокуратураның баспасөз қызметі өкілдері.

Арнайы операция барысында қылмыскерлерден барлығы 19 800 жалған АҚШ доллары мен 500 еуро табылып, тәркіленген.

"Қазіргі уақытта сот үкімі заңды күшіне енген жоқ, іс апелляциялық тәртіпте қаралады деп күтіледі", - деп толықтырды прокуратура өкілдері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети