01 шілде 2014 17:15

Қызылорда облыстық ІІД шенеунігі тұтқындалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Ortcom.kz ©Ortcom.kz

Қызылорда облысында облыстық ішкі істер департаментінің тергеу басқармасы бастығының орынбасары тұтқындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қаржы полициясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Қызылорда облысында облыстық ішкі істер департаментінің тергеу басқармасы бастығының орынбасары тұтқындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қаржы полициясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қаржы полициясы Баетовке қатысты қылмыстық іс қозғаған. "Баетов тергеу басқармасының өндірісінде жатқан қылмыстық істі тоқтату үшін Б. деген азаматтан бес мың доллар талап етіп, кейін 900 мың теңге көлемінде пара алған", - дейді баспасөз қызметінің өкілдері.

Қаржы полициясы мамыр айының соңында 800 мың теңге көлемінде пара алу дерегін бейнежазбаға түсірген. Баетов қалған 100 мың теңгені 25 маусым күні дәмханада алмақ болғанда ұсталды. 28 маусым күні соттың санкциясымен Қызылорда облыстық ІІД қызметкері тұтқынға алынды.

Қаржы полициясы сонымен бірге Шиелі аудандық криминалды полиция бөлімінің бастығы Тұрлыбековті және жедел уәкіл Шабданды да ұстады. "Ұсталғандар топ болып алдын ала сөз байласу арқылы алаяқтық жолымен С. деген азаматты қылмыстық жауапкершілікке тартамын деп қорқытып, 400 мың теңге беруге мәжбүрлеген, кейін 100 мың теңге көлемінде пара алған. Қазіргі уақытта қылмыстық іс тергеліп жатыр. Басқа ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жария етілмейді", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети