Қызылорда облысында департамент қызметкерлері пара алғаны үшін ұсталды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қызылорда облысында департамент қызметкерлері пара алғаны үшін ұсталды Фото:elements.envato.com

Облыстық ішкі мемлекеттік аудит департаментінің бөлім басшысы мен бас маман - мемлекеттік аудитор жалпы сомасы 1 280 000 теңге болатын пара алғаны үшін ұсталды. Олар ақшаны тексеру кезінде алған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Облыстық ішкі мемлекеттік аудит департаментінің бөлім басшысы мен бас маман - мемлекеттік аудитор жалпы сомасы 1 280 000 теңге болатын пара алғаны үшін ұсталды. Олар ақшаны тексеру кезінде алған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қызылорда облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі оларға қатысты тергеу жүргізіп жатыр.

"Сонымен қатар, Қызылорда облысының "Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" ММ басшысы осы тұлғаларға тексеру жүргізу бойынша оң шешім қабылдағаны үшін 50 000 теңге сомасында пара бергені анықталды", - деді сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің баспасөз қызметі өкілдері.

Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің лауазымды тұлғаларына қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланған.

"Тергеу мүддесіне сәйкес, басқа ақпарат жариялауға жатпайды", - деп толықтырды ведомствоның баспасөз қызметіндегілер.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети