Қызылорда облысында есірткі өсірген 56 жастағы тұрғын ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қызылорда облысында есірткі өсірген 56 жастағы тұрғын ұсталды Видео кадрынан

Қызылорда облысында есірткі өсіріп, оны сатқан тұрғын ұсталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қызылорда облысында есірткі өсіріп, оны сатқан тұрғын ұсталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

"Қызылорда облысында 10 маусым күні "Қарасора-2020" арнайы жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу барысында полиция қызметкерлерімен Қазалы ауданының 56 жастағы тұрғыны есірткі затын сатқаны үшін ұсталды", - делінген хабарламада. 

Тінту іс-шараларын өткізу барысында күдіктінің тұрғылықты мекен-жайы бойынша құрамында есірткі заттар бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз егіп-өсіргені анықталды.

"Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің екі бабы бойынша, яғни 297-бабының 1-бөлігімен (есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, оларды жөнелту не өткізу) және 300-бабының 1- бөлігімен (өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi егу немесе өсiру немесе сораның, көкнәрдiң немесе құрамында есiрткi заттар бар басқа да өсiмдiктердiң сұрыптарын егіп-өсіру) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. Күдікті Қазалы аудандық полиция бөлімінің уақытша ұстау абақтысына қамаққа алынды", - дейді полициядағылар. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети