28 қазан 2014 | 12:15

Қызылорда облысында пара алған жол полицейі сотталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Тұрар Қазанғапов ©Тұрар Қазанғапов

Қызылорда облысында жол полицейі пара алғаны үшін сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Қызылорда облысында жол полицейі пара алғаны үшін сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қылмыстық іс материалдарына қарағанда, осы жылдың 16 қазаны күні кешкісін Шымкент - Самара тас жолының Қармақшы ауданы бағытында жол-патруль полициясының қызметкері ереже бұзған адамнан 40 мың теңге көлемінде пара алған. Ол бұл ақшаны әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттама толтырмау үшін алған, сөйтіп, қызмет бабын теріс пайдаланған.

Сот полицейді ҚР ҚК 311-бабының 2-бөлігі бойынша айыпты деп тапты, ол бас бостандығынан бес жылға және мемлекеттік лауазымды атқару құқығынан бес жылға айырылды. Бірақ сот ҚР ҚК 63-бабының 1-бөлігін қолданып, жазаны үш жыл сынақ мерзімімен шартты түрде соттауға ауыстырды.

Соттың баспасөз қызметі тағы бір дерек туралы хабарлады. Бұл жолы кінәлі - жүргізуші. Жол полицейлері жүргізуші жаяуларға жол бермегені үшін оның үстінен әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттама толтырған, бірақ сотталушы инспектордың қолынан хаттама мен әкімшілік құқықбұзушылық туралы қаулыны жұлып алып, жыртып-жыртып лақтырып тастайды.

Соттың үкімімен ол ҚР ҚК 324-бабының 2-бөлігі бойынша айыпты деп танылды, оған 200 АЕК (370 400 теңге) көлемінде айыппұл салынды.

 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети