Қызылорда облысында педофил ұсталды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қызылорда облысында педофил ұсталды Фото: elements.envato.com

Қызылорда облысында педофил екінші сынып оқушысын зорлаған. Бұл туралы құқық қорғаушы Дина Таңсәрі Facebook-парақшасында жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қызылорда облысында педофил екінші сынып оқушысын зорлаған. Бұл туралы құқық қорғаушы Дина Таңсәрі Facebook-парақшасында жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жарияланған мәліметке қарағанда, оқиға Қызылорда облысы Жаңақорған ауданында болған.

"#НеМолчиKZ қорына аноним үндеу келіп түсті, осы жағдайды растау немесе жоққа шығаруыңызды өтінемін. Егер бұл қылмыс жасалған болса, қандай шара қолданылды, кәмелетке толмаған жәбірленушіге қандай көмек көрсетілді? Осындай қылмыстардың алдын алу үшін халықпен қандай жұмыстар жүргізілді?" - деп жазды пост авторы.

Кейін ол аноним үндеу мәтінін жариялады.

"Бір апта бұрын 2-сынып оқушысы зорланды... Жүрек ұстамасы бар қыздың анасы жатып қалды, ауырып қалған, әкесі шок алған. Зорлаушы қызды мектепке апарып тастаймын деп алдап, көлікке отырғызып алып кетіп, зорлаған. Қорлап, кейін сол жерге әкеп тастап, кетіп қалған", - делінген хатта.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл дерек Қылмыстық кодекстің 121-бабы 4-бөлігі ("Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері") бойынша соталды тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелгенін атап өтті.

"Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сараптамалар тағайындалды", - деді полицейлер.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабының талаптарына сәйкес соталды тергеп-тексеру деректері жария етуге ​​жатпайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети