Қызылорда облысында шенеуніктер 25 миллион теңге жымқырғаны үшін сотталды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қызылорда облысында шенеуніктер 25 миллион теңге жымқырғаны үшін сотталды Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Инвестициялық субсидия қаражатын талан-таражға салып, жымқыру дерегі бойынша облыстық ауылшаруашылық басқармасының лауазымды тұлғаларына қатысты қылмыстық іс бойынша сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қаржы мониторингі агенттігіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Инвестициялық субсидия қаражатын талан-таражға салып, жымқыру дерегі бойынша облыстық ауылшаруашылық басқармасының лауазымды тұлғаларына қатысты қылмыстық іс бойынша сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қаржы мониторингі агенттігіне сілтеме жасап.

ҚМА мәліметінше, мемлекеттік қызметшілер бірнеше шаруа қожалықтарында ешқандай жұмыс атқарылмай, жабдықтар қойылмай, жұмыстың толық орындалғаны туралы жалған құжат әзірлеген және ақпаратты Qoldau.kz жүйесіне енгізіп, субсидия беру туралы өтінімге электрон қол қойған. Осылайша, 25 миллион теңгеге жуық мемлекет қаражатын ұрлап, жымқырған. Өз кезегінде кәсіпкер тұлғалар келісімшарт сомасының 10 пайыз көлемінде сыйақы үшін жалған құжат әзірлеп, қаржы жымқырған.

"Сот шешімі бойынша, Облыстық ауылшаруашылық басқармасының бөлім басшысы мен бас маманы кінәлі деп танылып, мемлекеттік ұйымдарда материалдық немесе қаржы аударымына негіз болатын құжаттарға қол қою құқығы жүктелетін лауазымдарды атқару құқығынан 3 жылға айыра отырып, 2 жыл мерзімге шартты түрде бас бостандығын шектеу жазасын алды", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети