10 ақпан 2022 13:50

Қызылорда облысында шенеуніктер есебін қабылдату үшін бас маманға азық-түлік жеткізген

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:elements.envato.com Фото:elements.envato.com

Ауылдық округ әкімдері, бөлім басшылары, Қызылорда облысы Шиелі ауданы әкімі аппаратының бас инспекторы есебін қабылдату үшін қарамағындағылардан ақша жинап, облыстық Әділет департаментінің бас маманына азық-түлік жеткізген. Бұл деректер Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жүргізген жасырын тексеруден кейін белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ауылдық округ әкімдері, бөлім басшылары, Қызылорда облысы Шиелі ауданы әкімі аппаратының бас инспекторы есебін қабылдату үшін қарамағындағылардан ақша жинап, облыстық Әділет департаментінің бас маманына азық-түлік жеткізген. Бұл деректер Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жүргізген жасырын тексеруден кейін белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Антикорға қызметкерлердің бірі арыз түсірген. Барлық ауылдық округ құқықтық мәселемен айналысатын қызметкерлерден жүйелі түрде 2000-5000 теңге көлемінде қаражат жинағаны белгілі болды. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша Әдеп жөніндегі кеңесінде жеті мемлекеттік қызметшіге қатысты тәртіптік іс қаралған.

"Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті азамат Г.А-ның арызы бойынша Қылмыстық кодекстің 28-бабы 4-бөлігі, 367-бабы 1-бөлігі бойынша тіркелген қылмыстық іске қатысты тергеу жүргізді. Жасырын жедел-іздестіру іс-шаралары барысында олар Шиелі ауданының бірқатар лауазымды тұлғасы Қызылорда облысы Әділет департаментінің бас маманы үйіне азық-түлік жеткізгенін анықтады. Оқиға жалпы есеп беру кезеңі жақындағанда болған", - деді Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің баспасөз хатшысы Бағдат Әбдіқадыров.

Мемлекеттік қызметшілерге Әдеп кодексіне сәйкес мемлекеттік қызметтің беделін түсіретін құқық бұзуға және теріс қылық жасауына жол берілмейді.

"Қызылорда облысының Әдеп жөніндегі кеңесі қызметтік тергеу материалдарын қарап, барлық 7 мемлекеттік қызметшінің түсініктемесін тыңдап және олардың әрекетін құқықтық тұрғыдан бағалап, олардың алтауына қатысты мемлекеттік қызметке кір келтіретін теріс қылық жасағаны үшін қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту түріндегі тәртіптік жаза қолдану туралы шешім шығарды. Ал аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Әдеп кодексінің нормаларын бұзғаны үшін қатаң сөгіс түрінде тәртіптік жазаға тартылды", - деді ведомствоның баспасөз қызметі өкілі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.44   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети