Қызылорда облысында спорт саласындағы лауазымды тұлғалар сотталды

Мұхтар Жәмішжанов
Мұхтар Жәмішжанов Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қызылорда облысында спорт саласындағы лауазымды тұлғалар сотталды

Қызылорда облысында спорт саласындағы лауазымды тұлғалар сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Антикорға сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қызылорда облысында спорт саласындағы лауазымды тұлғалар сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Антикорға сілтеме жасап.

2022 жылдың 27 мамырында Қызылорда облысында Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Оспановқа қатысты айыптау үкімі шығып, оған 5 миллион теңге көлемінде айыппұл салынды.

Осы үкіммен Олимпиадалық резервтің облыстық мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектебінің 5 директоры Жұмабаев, Ильин, Ақбергенов, Сексембаев пен Кикбаев 10-нан 20 миллион теңгеге дейін түрлі айыппұлдарға сотталды.

Барлық тұлға облыстың спорт мектептерінің қызметіне жүргізілген талдау бойынша оң шешім шығарғаны үшін тексеруші адамға 6,5 миллион теңге мөлшерінде пара беруге оқталғаны үшін кінәлі деп танылды.

Сотталғандар өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айырылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети