14 қаңтар 2022 | 08:52

Қызылорда облысында тәртіпсіздіктерге қатысқандар жазаланды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қызылорда қаласының Әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған сотына екі күн ішінде (10-11 қаңтар аралығында) ӘҚБтК-нің 488-бабы 6-бөлігі "Қазақстан Республикасының бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы заңнамасын бұзу" бойынша 30 іс түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сот баспасөз қызметі мәліметінше, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы 28 іс қаралған. Іс бойынша сот 15 тәулікке қамау түрінде жаза тағайындағаны аталды. Сондай-ақ, бір сотталушы митингіге қатысқаны үшін бес тәулік қамауға алынған, тағы бір сотталушыға жаппай тәртіпсіздіктерге қатысқаны үшін 30 АЕК айыппұл салынған.

Коменданттық сағатты бұзғаны үшін сот 27 әкімшілік іс қозғаған, оның ішінде 20 әкімшілік құқықбұзушыға 5 тәулік қамауға алу түріндегі жаза тағайындалған, екеуі 3 тәулік, тағы бесеуі - 7 тәулік әкімшілік қамауға алынады.

Сондай-ақ, сот ғимараттары жаппай тәртіпсіздік кезінде қирағанына байланысты кейбір соттар жаңа мекенжай бойынша уақытша жұмыс істейді: Қызылорда облысы бойынша сот әкімшісі Қорқыт ата атындағы ҚМУ бас ғимаратында орналасқан, Қызылорда облысының Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты Тасбөгет кенті Шукуров көшесі, 9 мекенжайында орналасқан, ал басқа соттар бұрынғы мекенжайлары бойынша жұмысын жалғастырады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 488.23   530.57   5.03 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети