©Нұрғиса Елеубеков
Қызылорда облысында үстіміздегі жылдың басынан бері адам өлтіру 4 есеге, алаяқтық 44 пайызға және кісіні ауыр жарақаттау 50 пайызға өскен, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бүгін облыс әкімдігінде өткен құқық бұзушылық жөніндегі облыстық комиссия отырысында облыс әкімі Қырымбек Көшербаев құқық қорғау саласын қатаң сынға алды. Соңғы жылдарда аталмыш саланың материалдық-техникалық базасын жақсартуға мән беріліп отыр. Облыс орталығындағы көшелер мен көпқабатты үйлердің аулаларына 116 бейнебақылау камераcы орнатылған. Соның нәтижесінде 77 қылмыстың ізін суытпай ашуға мүмкіндік туды. Сонымен қатар, биылғы жылдың басынан олардың санын тағы да 100 бейнебақылау аппараты толықтырса, 2 көшенің қиылысында интелектуалды қиылыс орнатылған. Облыс прокуроры Сапарбек Нұрпейісовтың айтуынша, бейнебақылаумен жұмыс баяу жүріп жатыр, ондағы мамандар қаладағы жағдайды толық бақылап үлгере алмауда. Сондай-ақ, облыста мал ұрлығы да өршіп тұр.
Қызылорда облысында үстіміздегі жылдың басынан бері адам өлтіру 4 есеге, алаяқтық 44 пайызға және кісіні ауыр жарақаттау 50 пайызға өскен, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бүгін облыс әкімдігінде өткен құқық бұзушылық жөніндегі облыстық комиссия отырысында облыс әкімі Қырымбек Көшербаев құқық қорғау саласын қатаң сынға алды. Соңғы жылдарда аталмыш саланың материалдық-техникалық базасын жақсартуға мән беріліп отыр. Облыс орталығындағы көшелер мен көпқабатты үйлердің аулаларына 116 бейнебақылау камераcы орнатылған. Соның нәтижесінде 77 қылмыстың ізін суытпай ашуға мүмкіндік туды. Сонымен қатар, биылғы жылдың басынан олардың санын тағы да 100 бейнебақылау аппараты толықтырса, 2 көшенің қиылысында интелектуалды қиылыс орнатылған. Облыс прокуроры Сапарбек Нұрпейісовтың айтуынша, бейнебақылаумен жұмыс баяу жүріп жатыр, ондағы мамандар қаладағы жағдайды толық бақылап үлгере алмауда. Сондай-ақ, облыста мал ұрлығы да өршіп тұр.