27 қыркүйек 2017 | 11:47

Қызылордада 4 миллион теңгенің затын алып кеткен әккі ұры ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қызылордада пәтер иелеріне ірі мөлшерде шығын келтірген әккі ұры ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қызылорда қалалық ІІБ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Қызылордада пәтер иелеріне ірі мөлшерде шығын келтірген әккі ұры ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қызылорда қалалық ІІБ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, қызылордалық полиция қызметкерлері 4 миллионнан аса теңгенің бағалы бұйымдарын ұрлаған әккі ұрыны қолға түсірді.

"2017 жылдың 24 тамызында күндізгі 09.00-18.00 уақыт шамасында белгісіз біреу Қызылорда қаласы тұрғынының үйіне пластик терезесін күштеп ашып кіріп, жатын бөлмесіндегі алтын бұйымдарын ұрлап кеткені белгілі болды. Нәтижесінде қала тұрғынына 2 миллион 654 мың теңге материалдық залал келтірілген. Жедел-іздестіру шаралары кезінде Қызылорда қаласының 33 жастағы тұрғыны анықталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды", - деді ІІД баспасөз қызметіндегілер.

Тергеу жұмыстары барысында ұсталған азаматтың тағы 2 ұрлық қылмысына қатыстылығы анықталды. Екі жағдайда да үйжайға пластик терезесін күштеп ашу арқылы кірген. Бірінде алтын бұйымдарды ұрлап, 153 мың теңге шығын келтірілсе, енді бірінде алтын, бриллиант әшекей бұйымдарымен қатар Iphone 5 маркалы ұялы телефонның 2 данасы ұрланып, 1 миллиион 630 мың теңге көлемінде шығын келтірілген.

Осы дерек сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіміне ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы 3-бөлігі (Ірі мөлшерде жасалған ұрлық) бойынша тіркелді. Ұсталған ер адамның басқа да қылмыстарға қатыстылығын анықтау мақсатында тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети