Қызылордада 56 бас сиырды ұрлағандар ұсталды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Қызылорда ОІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қызылордада 56 бас сиырды ұрлағандар ұсталды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Қызылорда ОІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Полицейлердің мәліметі бойынша, 2017 жылдың 5 қаңтарында Жаңақорған аудандық ішкі істер бөліміне Қожакент ауылының 53 жастағы тұрғыны арызданып, ауылдан 3 шақырым жерде жайылып жүрген 3 бас сиыры ұрланғанын хабарлаған.
"Аталған арыз негізінде жедел-іздестіру тобы құрылып, іздестіру шаралары барысында сәуір айында "барымташылық жасады" деген күдікпен 50 жастағы, 45 жастағы және 34 жастағы 3 ер адам ұсталып, аудандық ішкі істер бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамалды", - дейді баспасөз қызметінің өкілдері.
Сотқа дейінгі тергеу кезінде күдіктілердің басқа да 14 мал ұрлығына қатысы бары және барлығы 56 бас сиыр малы қолды еткені анықталды.
Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабының 4-тарауы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.