25 қыркүйек 2014 | 15:08

Қызылордада адам өлтірген полицей 24 жылға бас бостандығынан айрылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Tengrinews мұрағатынан алынды ©Tengrinews мұрағатынан алынды

Қызылорда облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты өзінің қоластындағы қызметкерін өлтірген ювеналды полиция бөлімінің бұрынғы бастығы Берік Шимановтың ісіне қатысты үкім шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Иконка комментария блок соц сети

Қызылорда облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты өзінің қоластындағы қызметкерін өлтірген ювеналды полиция бөлімінің бұрынғы бастығы Берік Шимановтың ісіне қатысты үкім шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Оның дүние-мүлкі тәркіленіп, 24 жылға бас бостандығынан айырылды, жазасын қатаң режимдегі түзеу орнында өтеуге үкім кесілді", - делінген баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Шиманов "Мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті адам бола отыра алаяқтық жасағаны үшін", "Қаруды заңсыз алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру", "Алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған адам өлтіру" және "Бөтен адамның мүлкiн қасақана өрт қою арқылы жою" бабы бойынша кінәлі деп танылды. 

Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ. Еске сала кетейік, Қызылорда облысында Берік Шимановқа қатысты сот процесі 31 шілдеде басталған болатын. Қалалық ювеналды полиция бөлімінің бастығы болған Шиманов екі әріптесімен бірге капитан Нүрбек Шүменовті азаптап өлтірген болатын. Сотталушы Шүменовты қаланың сыртына алдап шақырып, атып тастаған. Экс-полицейдің өлі денесін қала зиратына апарып көміп, ал көлігін түк қалдырмай өртеп жіберген. Негізі мұның алдында полиция капитаны Нүрбек Шүменов ювенальды полиция бөлімі басшысының қоластындағы қызметкерлерінен ақша талап ететіні туралы қаржы полициясына шағымданған екен. Қылмыстың алышуына осы түрткі болған көрінеді.   

Екінші сотталушы Талғат Әлиев те "Алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған адам өлтіру" бабы бойынша кінәлі деп танылып, 18 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол да жазасын қатаң режимдегі түзеу колониясында өтейтін болады. Ал сотталушы Уәлихан Сыздықов пен Алданбек Орынбасар ҚР ҚК 364 (Қылмыс туралы хабарламау) бабы бойынша кінәлі деп танылып, 1 жылға бостандықтарынан айырылды. Сот үкімімен Сыздықовқа қатысты қолданылған "қамауға алу" түріндегі бұлтартпау шарасының күші жойылып, сот залынан босатылды.  

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети