11 қаңтар 2017 | 17:10

Қызылордада алаяқтар "жер учаскесін алып беремін" деп алдаумен айналысқан

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Қызылордада алаяқтық қылмыстары 30,2 пайызға төмендеген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қызылорда ОІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Қызылордада алаяқтық қылмыстары 30,2 пайызға төмендеген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қызылорда ОІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Бүгінгі нарықтық экономика жағдайында кең таралған қылмыстың бір түрі - алаяқтық қылмысы. Соңғы кездері елімізде алаяқтық сатысындағы қылмыстар азаймай отыр. Зерделеу жұмыстары көрсеткендей, алаяқтық қылмыстарды жасаушылардың көпшілігі әйел адамдар екен. Әккілердің құрығына түсетіндердің қатарын да нәзік жандылар құрайды", - деді баспасөз қызметіндегілер.

Олардың мәліметінше, 2016 жылдың 12 айында Қызылорда облысы көлемінде 793 алаяқтық қылмысы тіркелсе, 2015 жылы 1137 қылмыс тіркеліп, өткен жылмен салыстырғанда 30,2 пайызға төмендегенін көрсетіп отыр. "Олардың көбі әлеуметтік жағдайларды түзеп беруге, атап айтқанда, жұмысқа орналастыруға, мемлекеттік жәрдемақыларды тағайындауға, жеңілдетілген пайызбен несие алып беруге, жер немесе пәтер алу жұмыстарына көмектесуге уәде етеді. 2016 жылдың өзінде "жер учаскелерін алып беремін" деп алдап, ақшасын заңсыз иемденіп кетудің бірнеше дерегі тіркелген. Мәселен, 2016 жылдың наурыз айында қала тұрғынынан "жер сатып алып, құжаттарын аз уақыттың ішінде заңдастырып беремін" деген желеумен 350 000 көлемде ақша алып, уәдесінде тұрмағандығы жөнінде арыз келіп түскен", - деді баспасөз қызметінің өкілдері.

Дәл осындай дерек бойынша 2016 жылдың 24 маусымында да арыз келіп түскен. 1979 жылы туылған қала тұрғыны 2015 жылдың маусым айында Ж.Махамбетов ауылынан "жер учаскесін алып беремін" деп сендіріп, жәбірленушісінен 700 000 теңге көлемінде ақша алған. Алайда айтқан уәдесінде тұрмай, ақшасын заңсыз иемденіп қалған. Осы дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп, заңды үкім қабылдану үшін іс сотқа жолданған.

"Облыс тұрғындарынан жер телімдерін сатып алу немесе басқа да мәселелер бойынша келісімшарттар жасамас бұрын, заңгерлермен және Жер комитеті қызметкерлерімен кеңесіп, сақтық шараларына аса көңіл берулерін және осындай алаяқтардың арбауына түсіп қалған жағдайда уақытты босқа шығындамай ішкі істер органдарына арыздануларын сұраймыз", - деді баспасөз қызметіндегілер.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.34   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети