Қызылордада белгіленбеген орында діни мазмұндағы әдебиеттерді сатқан ер адам жауапкершілікке тартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қызылорда ОІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қызылордада белгіленбеген орында діни мазмұндағы әдебиеттерді сатқан ер адам жауапкершілікке тартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қызылорда ОІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Қызылорда ОІІД Экстремизмге қарсы іс-қимал басқармасының қызметкерлері рұқсат етілмеген жерде діни мазмұндағы әдебиеттерді сатқан деструктив діни ағын ұстанушысы, Қызылорда қаласының 49 жастағы тұрғынын ұстады. Бұл ер адам қала орталығындағы көшелердің бірінде діни кітаптарды сатқаны анықталды", - деді баспасөз қызметіндегілер.
Ұсталған ер адамға қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 490-бабы 1-бөлігі 3-тармағы ("Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де материалдарды, діни мақсаттағы заттарды әкелу, әзірлеу, шығару, басып шығару және (немесе) тарату") бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, жинақталған құжаттар Қалалық мамандандырылған әкімшілік сотына жолданды.
Сот шешімімен ер адам "кінәлі" деп танылып, оған 50 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салу шарасы қолданылды.
Айта кетейік облыс әкімінің қаулысы бойынша, діни әдебиеттерді және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды Қызылорда қаласындағы "Жамағат", "Жамағат-2" және "Жанұя" кітап дүкендерінде ғана сатуға, таратуға арнайы рұқсат етілген.