1. Басты
  2. Біл
  3. Оқиға
  4. Қылмыс

Қызылордада белгісіз біреулер 25 жастағы жігітті атып кеткен

Қызылорда полицейлері қаза тапқан 25 жастағы жергілікті тұрғын мен жарақат алған 20 жастағы жігітке қатысты тергеу жұмыстарын бастады. Бұл туралы өңірлік ІІД баспасөз қызметіндегілер Tengrinews.kz редакциясы жолдаған сауалға берген жауабында айтты.

Ведомство мәліметінше, бұл оқиға 11 желтоқсанда болған. Осы дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 1-бөлігі бойынша ("Адам өлтіру") тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр", - деді ІІД өкілдері.

Сондай-ақ, осы қылмысты жасады деген күдікпен облыс орталығының тұрғыны ұсталғаны айтылады. "Айғақты заттардың барлығы алынды. Қажетті сараптамалар тағайындалды", - деп хабарлады полицейлер.

ШҚО-да ұшақ өртенді