Қызылордада белгісіз біреулер инсульт алған әйелді тонап кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қызылордада белгісіз біреулер инсульт алған әйелді тонап кетті Фото: elements.envato.com

Қызылордада инсульт алып құлаған әйелді белгісіз біреулер тонап кеткен. Оқиға қала базарларының бірінің дәретханасында болған. Бұл туралы жәбірленушінің құрбысы Facebook-парақшасында жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қызылордада инсульт алып құлаған әйелді белгісіз біреулер тонап кеткен. Оқиға қала базарларының бірінің дәретханасында болған. Бұл туралы жәбірленушінің құрбысы Facebook-парақшасында жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қызылорда тұрғыны Елена Когайдың айтуынша, оның құрбысы сыйлық сатып алу үшін базарға шыққан.

"Оны жаңадан салынған базардың дәретханасынан тауыпты. Инсульт алған. Қазір комада жатыр. Сөмкесі жоқ. Қайта телефоны қалтасында болған. Сол арқылы туыстарын тауып, жағдайды хабарладық. Сөмкеде құжаттар, несие карталары бар", - деді ол оқиға куәгерлері болса хабарласуды сұрап.

Полиция тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлады.

"Тонау дерегі Қызылорда қалалық полиция басқармасында тіркеліп, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - деп атап өтті полиция өкілі.

Tengrinews.kz редакциясы жәбірленушінің жағдайын білу үшін аймақтық денсаулық сақтау басқармасынан хабар күтіп отыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 514.32  course up  603.27  course up  6.41  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети