Қызылордада бес адамды 2,5 миллион теңгеге алдап кеткен алаяқ ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қызылордада бес адамды 2,5 миллион теңгеге алдап кеткен алаяқ ұсталды

Қызылордада 5 адамды 2,5 миллион теңгеге алдап кеткен алаяқ ұсталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қызылордада 5 адамды 2,5 миллион теңгеге алдап кеткен алаяқ ұсталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда қалалық Полиция басқармасына облыс орталығының бес тұрғыны алаяқтық деректері бойынша арыз жазып, өз қаражаттарын қайтаруға көмек сұраған. Тексеру барысында бір әйелдің өткен жылдың басында өзін құрылыс басқармасының қызметкері ретінде таныстыра отырып, мемлекеттік бағдарлама бойынша баспана алуға көмектесетінін алға тартып, олардан жалпы сомасы 2 500 000 теңге көлеміндегі ақша қаражатын алғаны анықталды.

"Жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде полиция қызметкерлері облыс орталығының 1991 жыл туған, бұрын сотты болған тұрғынын анықтап, ұстады. Алаяқ өз әрекеттерін мойындады. Қылмыстық кодекстің 190-бабының 3-бөлігінің 4-тармағы ("Бірнеше рет жасалған алаяқтық") бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети