11 мамыр 2017 | 11:50

Қызылордада бутиктен 26 миллион теңгенің алтын мен гауһар бұйымдары ұрланған

ПОДЕЛИТЬСЯ

© golyi-wc.ru © golyi-wc.ru

Қызылордада алтын бұйымдарды ұрлап, 26 миллион теңге көлемінде шығын келтірген 2 азамат ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қызылорда ОІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Қызылордада алтын бұйымдарды ұрлап, 26 миллион теңге көлемінде шығын келтірген 2 азамат ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қызылорда ОІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қызылорда қалалық Ішкі істер басқармасы қызметкерлерінің жүргізген іздестіру шаралары барысында жалпы құны 26 миллион 180 мың теңге болатын алтын және бриллиант бұйымдарды қолды қылған 2 азамат ұсталды.

"Оқиға 2017 жылғы 30 қаңтар күні қала орталығындағы сауда үйлердің бірінде орын алған. 22 және 23 жастағы 2 азамат алдын ала сөз байласа отырып, сауда үйінің жертөлесінің пластик терезесін итеріп ашып,  алтын бұйымдар сататын бутиктің терезесін сындыру арқылы кірген. Нәтижесінде аталған бутиктен жалпы құны 26 180 000 теңгені құрайтын алтын және бриллиант бұйымдарды ұрлап, оқиға орнынан бой тасалаған", - деп хабарлады ІІД өкілдері.

Алайда екеуі де полиция қызметкерлерімен ұсталып, ҚІІБ-нің Уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.

Қазіргі таңда оларға қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабы 4-бөлігі негізінде қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети