Қызылордада екі адамның өмірін қиған жол апатына кінәлі жүргізуші 8 жылға бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қызылорда қалалық №2 сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, сотталушы С. көлік құралын басқару құқығынан айырыла тұра, алкогольдік масаң күйде көлік құралын басқарып, абайсызда екі адамның өліміне әкеп соқтырған жол апатын жасаған. "Сот жәбірленушілердің туыстары сотталушы С.-ны кешіргенін ескере отырып, оны Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 346-бабының 6-бөлігімен кінәлі деп танып, өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырды", - деп атап өтті баспасөз қызметі. Үкім заңды күшіне енген жоқ. Еске салайық, қайғылы оқиға 2021 жылдың тамыз айында Қызылордада болған. Мас жүргізуші басқарған Toyota Land Cruiser көлігі бағдаршамда жедел жәрдем көлігін соққан. Оқиға салдарынан екі адам - фельдшер Омарова мен жедел жәрдем жүргізушісі Маенов оқиға орнында көз жұмды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!