30 маусым 2017 16:42

Қызылордада интернет арқылы діни алауыздықты туғызбақ болған ер адам сотталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Қызылордада интернет арқылы діни алауыздықты туғызбақ болған ер адам жауапкершілікке тартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қызылорда облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Қызылордада интернет арқылы діни алауыздықты туғызбақ болған ер адам жауапкершілікке тартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қызылорда облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметіндегілердің мәліметінше, бұл оқиға 2017 жылдың наурызында болған.

"Қызылорда облысының ІІД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлері жүргізген кешенді іс-шаралардың нәтижесінде ғаламтор желісіндегі әлеуметтік парақшасы арқылы діни алауыздықты қоздыруға бағытталған қасақана әрекеттер жасаған қызылордалық 26 жастағы тұрғын ұсталды. Ер адамға қатысты қылмыстық іс қозғалып, оның деструктив діни ағымның ұстанушысы екендігі анықталды", - деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер.

Сараптамалар тағайындалып, айғақ зат ретінде аудиожазбалар алынып, бірқатар жедел іс-шара жүргізілді. Нәтижесінде ер адам 2017 жылдың 5 маусымында соттың шешімі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 174-бабы 1-бөлігіне сәйкес кінәлі деп танылып, 2 жылға шартты түрде сотталды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети