Қызылордада жалған ақша өткізумен айналысқан қылмыстық топ мүшелеріне сот үкімі шықты

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қызылордада жалған ақша өткізумен айналысқан қылмыстық топ мүшелеріне сот үкімі шықты

Қызылорда облысында жалған ақшаны ел аумағына кіргізу және өткізумен айналысқан трансұлттық ұйымдасқан топтың мүшелеріне қатысты соттың айыптау үкімі шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, Қызылорда қаласында жалған ақшаның заңсыз айналымына қатысы бар трансұлттық қылмыстық топқа қатысты сот процесі өткен.

ҰҚК және прокуратура органдары бірлесіп жүргізген арнайы операция барысында Қызылорда, Алматы және Өскемен қалаларында Қазақстан, Әзербайжан және Грузия азаматтарынан тұратын қылмыстық топ мүшелері құрықталған.

"Тергеу барысында олардың аса үлкен көлемде жоғары сапасымен ерекшеленетін жалған АҚШ долларын және евроны Қазақстан аумағына әкелуге және өткізуге қатысы барлығы дәлелденді.

Валюта Түркиядан Қазақстанға пошта арқылы жасырылған күйде жөнелтіліп отырған.

Қызылорда облысының Мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотының шешімімен топ басшылары мен мүшелері трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топты құрғандары және оған қатысқандары, сонымен қатар жалған ақшаны өткізгендері үшін кінәлі деп танылды", - делінген хабарламада.

Кінәлі азаматтар 9 жылдан 17 жылға дейін бас бостандығынан айырылған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети