14 сәуір 2022 | 09:00

Қызылордада қаланың бұрынғы бас полицейі пара алғаны үшін сотталды

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Пара алғаны үшін айыпталған қалалық Полиция басқармасының бұрынғы басшысы 7 жылға бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі №2 қалалық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Пара алғаны үшін айыпталған қалалық Полиция басқармасының бұрынғы басшысы 7 жылға бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі №2 қалалық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, Қызылордада 13 сәуірде ашық сот отырысында қалалық Полиция басқармасының бұрынғы басшысына қатысты қылмыстық іс қаралды.

"Сот қылмыстық іс бойынша сотталушы пайда табу үшін полиция капитаны Б.-ны қудалаймын деп қорқытып, одан 50 000 теңге талап еткенін анықтады. Қылмыстық ниетін әшкерелеп алмау үшін қол астындағы қызметкерлеріне қолма-қол ақша әкеліп беруді тапсырған. Жәбірленуші Б. ақшасы болмай, әріптесінен сұраған. Ол бас тартқан. Ол амалсыздан ақшалай көмектескен әйеліне жүгінген. Осыдан кейін Б. көлігінде бұрынғы бастығына қолма-қол 50 000 теңге берген", - деді ведомствоның баспасөз қызметі өкілі.

Сотта сотталушының кінәсі заттай дәлелдемелермен және істегі басқа да құжаттармен, сот сараптамасының қорытындыларымен, жүргізілген арнайы жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижелерімен, қарау хаттамаларымен, жәбірленушіден, куәдан жауап алумен расталғанын атап өтті.

"Сотта прокурор сотталушыны ҚК-нің 366-бабы 3-бөлігі 1-тармағы бойынша кінәлі деп тануды және қауіпсіздігі барынша төмен мекемелерде жазасын өтеп, мемлекеттік қызметте өмір бойы қызмет атқарудан айырып, 7 жыл бас бостандығынан шектеуді, сондай-ақ подполковник шенінен айыруды сұрады. Сотталушының адвокаты оны ақтады", - деді баспасөз қызметкері.

Сот үкімімен сотталушы ҚК-нің 366-бабы 3-бөлігі 1-тармағында көзделген "Бопсалау арқылы пара алу" қылмысын жасағаны үшін кінәлі деп танылды.

"Сотталушыға қауіпсіздігі төмен мекемелерде жазасын өтеу, 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, сондай-ақ сот оны подполковник шенінен айырды. Оның өмір бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істеуіне тыйым салды", - деп толықтырды қалалық соттың баспасөз қызметі өкілі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети