31 мамыр 2021 13:00

Қызылордада көлік ұрлаған ер адамды ұстау сәті видеоға түсірілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қызылордада көлік ұрлаған ер адам ұсталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.


Қызылордада көлік ұрлаған ер адам ұсталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

29 мамырда таңертең ер адам көпқабатты үй ауласында тұрған Volkswagen Golf көлігін ұрлап кеткен. Оны ұстау үшін жоспар құрылып, патрульдік нарядтар қызметке қосылған. Нәтижесінде тәртіп сақшылары қаскүнемді ұстаған. Ол Қызылорда облысының тұрғыны болып шықты.

Қазіргі уақытта ҚР ҚК-ның 200-бабы 1-бөлігі "Автомобильдi немесе өзге де көлiк құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу (айдап кету)" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Күдіктіге қатысты ешқайда шықпау және өзін дұрыс ұстау бойынша бұлтартпау шарасы таңдалған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети