Қызылорда облысында жыл басынан автокөлікті заңсыз иемденуге қатысты 3 дерегі тіркелген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қызылорда облысында жыл басынан автокөлікті заңсыз иемденуге қатысты 3 дерегі тіркелген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Соңғы арыздардың бірі бесінші ақпанда түсті. Қызылорда тұрғыны қаладағы ойын-сауық орындарының алдында оталып тұрған автокөлігін белгісіз бір азамат айдап кеткенін айтып, ішкі істер бөліміне арызданады. Көлік қала көшелерінің бірінде жарық бағанасына соғылған қалпында табылды. Жедел-іздестіру шаралары барысында 1993 жылы туған жергілікті тұрғын ұсталды, оған қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 200-бабы 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды", - дейді облыстық ІІД өкілдері.
Дәл осындай дерек қаңтар айында да тіркелген. 31 жастағы қала тұрғынының үйі алдында тұрған Opel Vectra маркалы автокөлігін ашық қалған артқы есігінен кіріп, айдап кеткен. Тағы бір жағдайда белгісіздердің 43 жастағы ер адамның Аudi-100 маркалы автокөлігін терезесін сындырып, айдап кеткендігі анықталды.
Осыған байланысты полицейлер облыс тұрғындары мен қонақтарына автокөліктерін үй аулаларына, гараждарға, автотұрақтарда қалдырған кезде сақ болуыға шақырды. Сондай-ақ, автокөлікті қараусыз қалдырмауларын, қараңғы жерлерде ұзақ уақытқа тұраққа қоймауларын, құжаттар мен құнды заттарды автокөлік ішінде сақтамауларын ескертіп отыр.