18 ақпан 2014 17:51

Қызылордада қылмысқа қатысы бар жасөспірімдер көбеюде

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Нұрғиса Елеубеков ©Нұрғиса Елеубеков

Қызылорда облысында кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасында құқық бұзушылық пен қылмысқа ұрынғандар саны көбейіп барады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Облыс прокурорының аға көмекшісі Бақытжан Мырзабаевтың айтуынша, өткен жылы ішкі істер органдарына түрлі деңгейдегі құқық бұзғандары үшін 3 мыңнан астам жасөспірім жеткізілген. Олардың арасында 257 жасөспірім бейімдеу орталықтарына қамалған. Ал 3067 жасөспірімнің ата-анасына әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Былтыр кәмелет жасына толмаған жасөспірімдер жасаған қылмыстар Аралда – 73,9 (23-тен 6-ға), Шиеліде – 29,4 (17-ден 12-ге), Қазалыда – (13-тен 10-ға), Қармақшыда – 12,5 (8-ден 7-ге), Жаңақорғанда – 11,1 (9-дан 8-ге) пайызға төмендеген. Есесіне мұндай қылмыстар Жалағашта – 5 (2-ден 10-ға), Сырдарияда – 3 есеге (3-тен 9-ға) және Қызылорда қаласында 9,2 пайызға (76-дан 83-ке) көбейіп, оның алдын-алу шаралары төменгі деңгейде ұйымдастырылған. Орын алған қылмыстарды жасаған 190 жасөспірімнің ішінде жоғары оқу орнында оқитын 1, колледжде білім алып жүрген 74 жасөспірім бар. Ал 69-ы мектеп, гимназия мен лицейде оқып жүрген. Олардың жас шамасына келетін болсақ, 190 кәмелетке толмаған жасөспірімнің 42-сі 14-16, 148-і 16-18 жас аралығында екен. Кәмелетке толмағандар жасаған қылмыстарды қылмыс санатына қарай таразылап көрсек, 11-і аса ауыр санатты қылмыс болса, 25-і ауыр, 161-і орташа, 86-ы жеңіл қылмыстар болып табылады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.57   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети