28 қаңтар 2022 16:27

Қызылордада полиция киімін киген қоқыс тазалаушыға айыппұл салынды

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Қызылорда тазалығы" ЖШС-нің жұмыскеріне 5 АЕК айыппұл салынды, оған қатысты іс сотқа жіберілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


"Қызылорда тазалығы" ЖШС-нің жұмыскеріне 5 АЕК айыппұл салынды, оған қатысты іс сотқа жіберілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желілерде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызметкерінің полиция қызметкерінің арнайы киімінде жұмыс істеп жатқаны туралы видео тарады. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері бұл видеоға назар аударып, оны іздей бастады.

"Видео бойынша учаскелік полицейлер іздестіру шараларын өткізді. Нәтижесінде, Қызылорда қаласының 24 жастағы тұрғыны Полиция басқармасына жеткізілді", - делі Қызылорда қалалық Полиция басқармасының баспасөз қызметі өкілі.

Оған қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 675-бабы 1-тармағы ("Әскери киім, сондай-ақ, айырым белгілері және нышандары бар киімді, арнайы киім-кешекті заңсыз киіп жүру") бойынша хаттама толтырылды.

"Іс сотқа жіберіледі", - деп толықтырды полиция қызметкері.

ТКШ қызметкерінің айтуынша, арнайы киім үйінде бұрыннан болған, сөйтіп, киюге шешім қабылдаған.

"Мен полиция қызметкері емеспін, оны жұмыста киюге болмайтынын білмедім. Бұл қайталанбайды. Кешірім сұраймын", - деді ол видеода.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 442.05   490.7   4.74 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети